2021 жылдың 1 қазанында 4 курстың 404 оқу тобында кураторлық сағат аясында инспектор-психолог, полиция майоры С. Байгабуловамен топты біріктіруге бағытталған психологиялық тренинг өткізілді.

Бұл тренингті өткізудегі мақсат, топты біріктіру және өзара сенімге құрылған қарым-қатынасты нығайту, топ ішінде қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру, әр курсанттың топтағы рөлін арттыру, курсанттардың арасындағы байланысты жетілдіру, олардың топта жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін, психолог С. Байгабулова курсанттармен келесі жаттығуларды орындады: «Жер сілкінісі», «Айдаһар», «Қазына», «Ирландиялық дуэль». Пайдаланылған жаттығулар топпен жұмыс істеу барысында курсантарды толық ашты, олардың өздеріне және жанындағыларға деген сенімдерін арттырды. Тренингке куратордың курсанттармен бірге қатысуы топтың бірігуіне оң әсерін берді.

Психологиялық тренинг мақсаттары толығымен орындалды. Тренинг топта жағымды эмоционалдық көңіл-күй қалдырды.

ЖЗП кафедрасы бастығының орынбасары
полиция подполковнигі
А. Акылбекова