Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының білім ордасында өткізіліп жатқан Тіл апталығына орай, жалпыкітапхананың оқу залында аталған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – оқырмандарға ана тілі тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, елімізде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу, кітап оқуға тарту, оқу мәдениетін арттыру, қазақстандық патриотизмді нығайту.
Көрмеге тілдер туралы заңнамалар, Ұлттың Ұлы ұстазы — Ахмет Байтұрсынов туралы маңызды, ғылыми деректер, заңгерлерге, ішкі істер органдары қызметкерлеріне, оқырмандарға мемлекеттік тілді үйренуге арналған қазақ тілі оқулықтары, электрондық сөздіктер мен газет-журналдарда жарияланған мақалалар қойылды.
Қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен, қазақ әліпбиінің негізін қалаған, Алаш арысы Ахмет Байтұрсынов: «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына себеп болатын нәрсенің қуаттысы — Тіл» деп айтқандай, мемлекеттік тілдің мәртебесін биік ұстайық!

Қостанай академиясының Кітапханасы