Бүгін Академияның курсанттары мемлекеттік тілдегі жалпықазақстандық ашық диктантқа қатысты.
Жыл сайын ұйымдастырылатын іс-шараның мақсаты мемлекеттік тілдің этносаралық коммуникация тілі ретіндегі рөлін нығайту болып табылады. Диктанттың тақырыбы: «Тәуелсіздік – басты құндылығымыз!».
Шараның қорытындысы бойынша, диктантты курсанттардың 90 пайызы «өте жақсы», «жақсы» деген бағаларға жазды.
Айта кетсек, шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және Қазақстан халықтарының тілдері күніне орайластырылып, «Мың бала» республикалық мәдени – ағартушылық жобасы аясында өтуде.

Айгерим Айдарова ІжСКБ инспекторы