Академия қызметкерлері марапатталды

2020 жылдың басы Академияның жеке құрамы үшін  қуанышты жаңалықтармен басталды. Оған дәлел, 2020 жылдың 17 қаңтарында ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының акт залында Академия бастығы полиция полковнигі Н.Биекенов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бұйрығы бойынша қызметкерлерді «Ішкі істер органының ардагері»,  «Мінсіз қызметі үшін»  I, II, III дәрежелі медальдармен, «полиция подполковнигі» арнайы атағымен, сонымен қатар  Академия бастығының бұйрығы бойынша «полиция аға лейтенанты» атағымен марапаттады.

Полиция полковнигі Н.Биекенов қызметкерлерді  тамаша марапаттаулармен құттықтап,  Отанын сүйетін антына адал, құқық тәртібін қорғайтын білікті маман офицерлерді даярлау жолында атқарып жатқан қызметтеріне  сәттілік, шығармашылық табыс пен бейбіт өмірдің жеңістерін тіледі.








Баспасөз қызметінің хатшысы