4-курс курсанттарының Атырау облысы Полиция департаментінің Кадр саясаты басқармасы қызметкерімен кездесуі

2020 жылдың 15 қаңтарында ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының акт залында дербес бөлу комиссиясының отырысына келген Атырау облысы Полиция департаментінің Кадр саясаты басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Сыдихов Үмбет Мәлік-Шапағатұлы 4-курс курсанттарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында оларға алдағы уақыттағы қызмет өткеретін нақты аумақтары мен лауазымдары аталды. Кездесу барысында Үмбет Мәлік-Шапағатұлы бірер айдан соң тәжірибеден өтуге барғалы жатқан 4 курс курсанттарына Атырау облысы бойынша жұмыспен қамту мәселелері жайында ұсыныс  білдіріп, үгіт-насихат жүргізді. Яғни, Атырау облысында жұмыс істеуге ниет білдіретін курсанттарға аталған облыстағы қызмет өткерудің ерекшеліктері, қазіргі уақыттағы бос лауазымдық орындар аталып өтті. Сондай-ақ кездесуде курсанттар өздерін толғандырып жүрген кейбір сұрақтарын қойды. Әр курсанттың сұрағы толық шешімін тауып, қанағаттандырылды.

4-курс  баспасөз қызметі