Курсанттар «Дельфин» балалар үйіне көмек қолын созуда!

Басшылық құрамының ұйымдастыруы бойынша 3-курс курсанттары «Дельфин» балалар үйіне көмек көрсетуге барды. Өсіп келе жатқан ұл-қыздарымызға жылы құшағымыздың әрдайым ашық екенін және әрқашан көмекке дайын екенімізді білдірген болатынбыз. Осы жолы баруымыздың мақсаты — балалар үйінің ауласын қардан тазалап беру. Қазақ ешқашан жетімін жылатпаған, дәл осындай тәлім-тәрбиені бойымызға сіңіріп өскен қазақ деген елдің ұл-қыздары болғандықтан  атадан қалған тәлім-тәрбиенің жемісін берудеміз.


Балалар үйі ешқашан қараусыз қалмауын, алдағы уақытта іні-қарындастарымыздың қамын ойлап, қолдан келген барлық көмек көрсетуге дайынбыз. Бұл жолы ауланы тазартып, Қазақстанның ертеңгі болашағы, өскелең балалардың көңіл-күйіне де мән бердік. Біздің мақсат-балалардың материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар олардың әлеуметтік қажеттіліктеріне де көңіл бөлу.

3-курс курсанттары «Дельфин» балалар үйіне көмек көрсеткендеріне дән риза және Академия басшылығына, курс басшылығы мен орынбасарларына алғысын білдіреді. «Дельфин» балалар үйінің басшылығы да еңбекті еш жібермей, курсанттардың көмек көрсеткенін бағалап, алғысын білдірді.

3-курс бастығының орынбасары

полиция майоры

А.Альназаров