Сәтті өткен демалыс күндері

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы Күндізгі және сырттай  оқыту факультетінің 3 курс 303-оқу тобы  жетекшісі Е. Қайнардың ұйымдастыруымен демалыс күндердің жоспарына сәйкес, курсанттардың бос уақытын жақсы әрі көңілді өткізу, сонымен қатар уақытты ұтымды пайдаланып, курсанттардың көңілін бір сергіту мақсатында бір топ шаралар өткізілді. Ең алдымен, «спорт – денсаулық кепілі» демекші топ арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды. Қызыққа әрі тартысқа толы ойыннан кейін курсанттар Қостанай қаласының «Март» сауда  орталығындағы «Арман» кинотеатрында «Мстители» 3D фильмін тамашалады. Кино тамашалау адам баласының өміріндегі ерекше мәдени демалыстың бірі болып табылады, әрі адамзат баласына тәрбиелік маңызы жағынан берері өте көп. Сондықтан айына бір рет болсын кино әлеміне ену арқылы адам күйзеліске түсу, зерігу, сағыну сезімдерінен арыла алады екен. Әсерлі кино аяқталысымен курсанттарымыз дәмханаға бет алды. Осылайша, қызықты өткен демалыс баршамызға ұнады, әсерлі де қызықты демалыс күнін өткіздік! Себебі барлығымыз топ болып, ұжым болып жиналып, уақыт өткізгенімізге не жетсін! Жағымды әсер, қуанышты сезіммен оралған курсанттар демалыс күндерінің есте қаларлықтай, ойдағыдай, әрі сәтті өткеніне өте қуанышты.

Аталмыш өткізілген демалыс күнінің де тәрбиелік маңызы бар. Ол, әрине, топ арасындағы қалыптасқан бірлік пен ұжымдық рухты одан әрі нығайту және дамыту, ұйымшылдықтарын арттыру.





303 оқу тобының жетекшісі

Магистратура бастығы

полиция майоры Е. Қайнар