Жеңіс күніне арналады

Ұлы Отан соғысы ұлы майдан,

Қан азапқа қасыретке толы майдан.

Ел күйретіп қажыттау қазағымды,

Отан үшін  соғысқан ұлы майдан.

Бабаларым үлкен биік сатыларым,

Білсе де отан үшін аталарын.

Ұрпағы үшін келешек басын тіккен,

Ардагерлер кешегі батырларым.

Отан үшін бар күшін аянбаған,

Ертеңіне  елінің салған жанын.

Сол майданда соғысқан елім үшін,

Қасым батыр Бауыржан Рахымжаным!

Сіздерге арнап өлең жырым қопарылды,

Біз үшін бастан кешкен опа күнді.

Ұмытылмасын ешқашан батырларым,

Кірпік қақпай қорғаған Отанымды.

Сүйреленіп әкелген жеңіске елін,

Мақтан етем олардың жеңістерін.

Елім үшін жасаған еңбегінің,

Көріп жүрміз бұл таңда жемістерін!

Мойындамас еңбегін барма-ау сірә,

Олар тарих тереңін  барлаушылар.

Бұлар жайлы білмеуін әрбір қазақ,

Тарихына зейінін салмау шығар.

Басқа да жоқ сылтауын алдаусынар,

Олар тарих беттерін жалмаушылар.

Тарихымда ойып тұрып орын алсын,

Кешегі Отанымды қорғаушылар!

полиция қатарындағы 3 курс курсанты

Әділ Ілияс