Білімді мыңды жығар

« … Көздерiнде от ойнар,

Сөздерiнде жалын бар,

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемiн!…»

М. Жұмабаев

Білімді ұрпақ – ел болашағы, ертеңі. Еліміздің әрі қарай дамуы, көркеюі, гүлденуі – жастарымыздың қолында. Елбасы Н. Назарбаев жастарға: «Сендер, тәуелсіз қазақ елінің білімді жастары, өз соқпақтарыңды салып, оны елді дамуға бастайтын даңғылға айналдыруға тиіссіңдер!… Беталысы күнде өзгерген алмағайып дүниеде адамзат үшін ешқашан өзгермеген, өзгермейтін темірқазықтар бар. Ол – білім! Ол – еңбек!» деп өнегелі, өсиетті сөздерін арнап, әрдайым жастарды қолдап келеді. Биылғы 2019 жылды  өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында «Жастар жылы» деп жариялады.

Жастар жылы аясында Қостанай академиясында да өткізіліп жатқан іс-шаралар саны аз емес. Солардың бірі қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының және курс 207-оқу тобының ұйымдастыруымен Күндізгі оқыту факультетінің 2-курс курсанттарының арасында «Криминология» пәнінен тапқырлықты,зияткерлік білімді, актерлік шеберлікті қажет ететін ойын түріндегі зияткерлік сайыс болды.

Сайысқа топтар арасынан үздік шыққан 4 топ: «Білім», «Сұңқар», «Достық», «Міндет» қатысты. Сайыс «Таныстыру», «Q –A», «Криминалогиялық болжау»,«Бір әріпті плакат», «Актерлік шеберлік» тақырыптарындағы 5 кезеңнен тұрды.

Курсанттардың білімдерін Академияның профессорлық-оқытушылық құрамынан құралған әділқазылар алқасы бағалады.

Сайысқа қатысқан әр топ алдарына жан салмай, білімдерін ортаға салуға тырысты.





Жарысқа түскен 4 топ арасынан суырылып алға шыққан, білімдері мен шеберліктерін, ептіліктерін жасырмай көрсете білген топтар марапатталды. Жарыс жеңімпаздарын Факультет бастығы, полиция полковнигі Гүлбарам Темірқанқызы Құлжанова марапаттап, курсанттарға талмас талап, қажымас қайрат тілей отырып, олардың алдағы уақытта талай шыңдарды бағындыратындығына сенімін білдірді.





Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасы 2 курс басшылығы мен ұйымдастыруға белсене атсалысқан 207 оқу тобының курсанттарына алғыстарын білдіреді!

ҚҚАҚжК кафедрасының оқытушысы,

полиция капитаны

А. Мұрат