ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР!

Атқан сәтте күннің таңғы арайы,

Көкжиектен қылаң беріп, бозарып.

Тарқамаған сәби шақтың базары,

Қалушы едім қуаныштан марқайып.

Құмар едім өмір үшін алдағы,

Қиялыма қанат бітіп тамсанып.

Көңілімнің бүртік жарып ажары,

Ойнағандай кеудемде бір күйсандық.

Сол күйсандық, әр сәбидің бойында,

Білгің келсе көрмейсін бе сыр тартып.

Есеюмен ұмыттың ба жолында,

Іздеп жүріп бір бақыттан бір бақыт.

Сол сәбидің жүрегіндей алаңсыз,

Бейбіт атқан таң арайын қуат-қып.

Ессіз жандар бұзбасын деп абайсыз,

Шекарада сақшылар тұр мұз қатып.

Отан, Ана, бейбіт өмір өтінде,

Жүрмейікші дүние қуып тым шалқып.

Адам үшін, ұрпақ сүйіп армансыз,

Кәріліктен өлу деген шын бақыт.

Тыныштықта өскен сәби еңшісі,

Нарқын білген адамзатты қуантып.

Сізге, тағзым, бейбіт өмір елшісі,

Тіршіліктің сәнін берген бұл уақыт.

Жедел — іздестіру қызметі кафедрасы

бастығының орынбасары

полиция подполковнигі

Лукпанов Медет Оспанұлы