Халықаралық дәрежедегі конференцияға Академия курсанттары қатысуда!

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында сәуір айында халықаралық дәрежедегі конференция өткізілді. Шетелдерден келген конақтарымыз Қырғызстан Республикасының курсанттары және Ресей Федерациясынан Омск, Краснодар, Волгоград қалаларынан, Украина, Беларусь елдерінен іріктеуден өткен курсанттар қатысты. Әрине, бұл конференцияға Қазақстан Республикасынан Алматы академиясының, Ақтөбе институтының, Қарағанды академиясы мен Қарағанды облысының Заң институттарымен қатар Қостанай академиясының білімді де жүйрік курсанттары қатысты. Конференцияға 300-ге жуық курсанттар мен студенттер қатысты. Айта кететін жайт, осы жылы Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 50 жылдық мерейтойы аталып өтті. Академия басшылығының атынан құттықтау сөзін жеткізіп, алдағы уақытта тек биіктерден көрнуді және де тәрбиелеп, офицерлер құрамына қосып жатқан курсанттарының тек жақсы жақтарынан көрініп, абыройы әрқашан асқақ болуын тілейміз.

Бұл конференцияға жыл бойы дайындалып, өз кезектерінде іріктеуден өтіп, рұқсат етілгендей сапалы ұсынымдары мен ағат кеткен заңдар мен кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырдық. Конференцияның жоғары дәрежеде өткізілгеніне сеніміміз мол. Өзім бұл конференцияға қатысқандықтан, қандай дәрежеде өткізілгендігін, ұйымдастырушылықтың барлық іс-әрекеттерін бағалап, қорытындылай келе, осындай тұжырымға келдім. Шындығында Республика көлемінде жақсы дамыған, барлық жағдай жасалған Академиялардың бірі. Біз конференция барысында шетелдердің заңдары мен нормативтік актілерін де қарастырдық. Соңғы уақытта Қырғызстан Республикасының нормативтік актілеріне өз өкілеттігімен өзгерістер енгізіп, белгілі уақыт аралығында сараптама өткізіп жатқаны жайлы оң жаңалықтармен таныстық. Конференция бір тәулік бойы өткізілді.  Академия тарапынан барлық жағдайлар қарастырылған. Қорытынды нәтижеге келер болсақ, Академиямыздың атынан 20 курсант қатысып,  барлығы да арнайы марапаттауларға ие болды. Академияның білім дәрежесі жоғары екендігін байқалғандығының дәлелі осы қатысқан курсанттардың жартысынан көбінің ұсыныстары мен толықтыруларын  республикалық жиналысқа салып, талқылайтындығы ескерілді. Алдағы уақытта Академиямызға сәттілік тілей отыра, алға қойған мақсаты мен міндеттерін жоғары дәрежелі нәтижеге жетіп, профессорлық -оқытушылық құрамға білімді және білікті курсанттар дайындап шығаруға барлық жағдайдың жасалуын тілейміз. Бұндай жетістіктер Академия басшылығының  қадағалауы мен профессорлық-оқытушылық құрамның еңбектерінің жемістері.  Сол жемістің жетістіктері  — КУРСАНТТАРДЫҢ білім нәтижесі.



полиция қатарындағы

2 курс курсанты

Г. Максетова