Тәжірибелік қызметкерлердің қатысуымен өткізілген дөңгелек үстел

2019 жылы 26 сәуірде сағат 14.30-да Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институты базасында мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Адам құқықтары» ҚАПБ орта басшы құрамының біліктілігін арттыру курстарының аясында «Ішкі істер органдары қызметкерлерінің құқықтық санасын қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Баяндамаларды талқылау барысында полиция қызметкерлерінің кәсіби құқықтық санасының белгілері айқындалған:

1) Полиция қызметкерлерінің құқықтық санасының тұрақсыздығы, олардың заңды әрекеттерін адекватты түрде болжауға мүмкіндік бермейді. Бұл құқықтық сана ауытқудың үлкен амплитудасымен ерекшеленеді және заңды да, заңсыз іс-әрекеттерді тудыруы мүмкін.

2) ІІО қызметкерлерінің құқықтық санасына әртүрлі кәсіби деформациялары тән. Әрине, кәсіби құқықтық сананың деформациясы құқықтық мекемелердің басқа да қызметкерлерінде де кездеседі.

ІІО қызметкерінің жоғары кәсіби шеберлігі дамыған құқықтық мәдениеттің болуына кепілдік емес. Ол азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жеткілікті түрде тиімді қорғай алмайды, құқық бұзушылықтың алдын ала және жолын кесе алмайды, өйткені қызметкер қоршаған әлеуметтік ортаның қысымына төтеп бере алмайды және қылмыстық жолға түседі. Жеке тұлғаның санасында берік, қалыптасқан адамгершілік құндылықтарсыз, заң мәдениетінің болуы туралы айтуға болмайды.

Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудағы ішкі істер органдары қызметкерлерінің құқықтық санасының рөлі — құқықтық сананың осы түрінің ерекшеліктерін талдауға арналған, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалу деңгейін арттыру, заңдылықты, тәртіпті, құқықтық және қоғамдық тәртіпті нығайту ісіндегі оның маңызы анықталады.

Сондықтан құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті арттырудың маңызды жолдарының бірі жүйелі тәрбие жұмысы болып табылады, оның мақсаты ішкі істер органдары қызметкерлерінің санасында жалпыадамзаттық адамгершілік және құқықтық құндылықтарға оң көзқарас қалыптастыру болып табылады.

ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының

МҚП кафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры А. Ақылбекова

Круглый стол с практическими сотрудниками

26 апреля 2019 года в 14.30 ч. на базе института повышения квалификации и переподготовки Костанайской академии МВД Республики Казахстан имени Шракбека Кабылбаева кафедрой государственно-правовых дисциплин в рамках курсов повышения квалификации среднего начальствующего состава ГРОП «Права человека» был проведен круглый стол на тему: «Формирования правосознания сотрудников органов внутренних дел».

В ходе обсуждения были выделены следующие черты профессионального правосознания сотрудников полиции:

1) Непостоянность, неустойчивость, «рыхлость» правосознания сотрудников полиции, что не способствует адекватному прогнозированию их юридических действий. Это правосознание отличается большой амплитудой колебания и может порождать как правомерные, так и неправомерные поступки.

2) Правосознанию сотрудников ОВД присущи всевозможные профессиональные деформации. Разумеется, деформации профессионального правосознания встречаются и у других работников правовых учреждений.


Высокое профессиональное мастерство юриста еще не гарантия наличия развитой правовой культуры. Одно оно не может достаточно эффективно защитить права и свободы гражданина, предупредить и пресечь правонарушение, поскольку всегда будет опасность того, что сотрудник не выдержит давления окружающей его социальной среды и встанет на криминальный путь. Без твердо, устоявшихся в сознании индивида нравственных ценностей, нельзя говорить о наличии юридической культуры.

Роль правосознания работников органов внутренних дел в укреплении законности и правопорядка — посвящен анализу особенностей данного вида правосознания, выясняется его значение в деле повышения уровня защищенности прав и свобод человека и гражданина, упрочения законности, дисциплины, правового и общественного порядка.

Поэтому одним из важнейших путей повышения правосознания и правовой культуры является систематическая воспитательная работа, целью которой будет формирование в сознании сотрудников органов внутренних дел позитивного отношения к общечеловеческим нравственным и правовым ценностям.

Старший преподаватель кафедры ГПД

майор полиции А. Акылбекова