Студенттік көктем — 2019

Студенттік өмір – қиындығы мен қызығы қатар жүретін, әр адамның  өмірінде ерекше орын алатын, естен кетпейтін әсерлі кезең. Студенттік шақ, шіркін, таусылмайтындай болып көрінеді. Әр курстың өзінше есте қаларлық ғажайып сәттері баршылық, жас кезіңде ойнап-күліп шаттанып жүргенге не жетсін! Сәуір айының 26-шы жұлдызында 1 курс курсанттары жыл сайынғы өткізілетін «Студенттік көктем — 2019» фестиваліне Мирас — мәдени — сауық орталығына барып, біздің Академия қатысушыларына қолдау көрсетіп қайтты. Фестиваль өте көп кезеңдерді қамтиды. Студенттер өздерін вокал, әзіл, поэзия, би жағынан сынап көрді. Қостанай қаласының 8 жоғары оқу орындары арасында өткізілген іс-шара жоғары деңгейде өтті. Академия курсанттары өздерінің ерекше билерімен көрермендерді баурап алды. Курсанттарға курс басшылығынан полиция старшинасы Азамат Серікжанұлы Альменов жетекшілік етті. Айтулы іс — шара біз үшін биыл бірінші болып отыр. Бір жағынан таңданыс болса, бір жағынан қуаныш, мақтаныш ретінде айтуға болады. Студенттік өмір – бұл біздің қайта келмес жастық шағымыз, сол себепті жастық шақта ойнап күлген  жөн. Студенттік көктемнің жаңа бүршік атқан көктемі бізге жаңалықтар мен жаңашылдықтар алып келсін!






1 курс курсанты

полиция қатарындағы

А. Бакбаева