Курсанттармен шығу сабағы

2019 жылдың 22 — 25 сәуір аралығында күндізгі оқыту факультетінің 3 курс курсанттары 302, 303, 304 және 310, 314 оқу топтарымен әкімшілік құқық және әкімшілік қызметі кафедрасының орынбасары А.А. Базарбаевпен және кафедраның аға оқытушысы С.В. Корнейчукпен бірге №6 тақырыпқа сәйкес «ІІБ арнайы қабылдау орындарының тұрғын жайы анықталмаған тұлғаларды ұстауға алынған қабылдау бөлімдеріне орналастыру қызметі» тақырыбында Ішкі істер органдарының арнайы мекемелеріне шығу сабағы өткізілді.

Курсанттар Қостанай қалалық ІІБ әкімшілік қамауға алынғандар мен белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды қабылдайтын арнайы қабылдау мен қабылдау-тарату орнына барды.

Сабақ барысында курсанттар, көрсетілген арнайы мекемелердің қабылдау және ішкі тәртібімен, жүргізілетін жұмыстарымен, қамаққа алынатын тұлғалар санатымен, жұмыс тәртібінің жалпы құжаттарымен танысты.

Арнайы мекемелердің қызметкерлері курсанттарға өздерінің атқаратын функционалдық міндеттері туралы әнгімеледі. Сонымен қатар, білім алушылар тарапынан болған сұрақтарға жауап берді.

Сабақ өз мақсатына жетті.

ӘҚ және ӘҚ кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны

А. Әбдәлі