Қылмыстық атқару құқығы мен Криминология кафедрасы және 1 курс магистранттарымен өткізілген Жастар жылы атты конференциясы Білім менен болашақ жастардың нық қолында

2019 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Жарлығымен жас ұрпаққа арналып, Жастар жылы деп жарияланғаны белгілі. Бүгінде жастарды кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналып отыр.
Осыған орай, 2019 жылдың 24 сәуірінде Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Жастар жылына орай жоспарланған ғылыми конференциясы өткізілді. Ғылыми конференция жұмысына Қылмыстық атқару құқығы және Криминология кафедрасы оқытушылары ғана емес, сонымен қатар, академияның 1 курс магистранттары ұйымдастырушылық қабілеттерін танытты.
Конференция тәуелсіз Қазақстан Республикасының бүгінгі күнгі қылмыстық саясатының тиімді және жетілдендірілген ерекшеліктерін талқылау мен 2 курс курсаттарының арасында қолданыста келе жатқан қылмыстық атқару жүйесі жайында өз пікірлерін мақала арқылы білдіру мақсатын көздеді. Өткізілген іс-шара барысында қылмыстық атқару жүйесінде қолданыстағы қылмыстық жазалар мен олардың іс-жүзіндегі нақты тиімділігі, пробация қызметінің маңыздылығы, кәмілетке толмаған жасөспірімдер мәселесі секілді көптеген өзекті сұрақтар көтеріліп, ықтимал шешу жолдары ұсынылды.

Атсалыса қатысқаны үшін 2 курс курсанттары арасында жүлделі орындар және үздік мақала номинацияларымен марапатталды. Олардың қатарында:
1 орын: Нуртазин Марат
2 орын: Рахимжанов Айболат
3 орын: Балабаева Нұржамал
Сонымен қатар Отарбек М., Сайдалина Г., Шакеев Д., және т.б.

Ғылыми конференция өз мақсатына жетіп, кафедра бастығы Шалгимбаев Марат Хайдарович пен оқытушы құрамның, сондай-ақ, іс-шара ұйымдастырушылары М.Қабай және Д.Советқанов қатысушыларға осы жолдан таймай, әрі қарай ғылым қуалап, мақалаларының әрі қарай жетіле беруін тілеумен аяқталды.

полиция қатарындағы
Диана Талғатқызы