Сәтті өткен жексенбі

Жексенбі – әрбір адам үшін асыға күтетін, еркін тыныға алатын бағалы да, қуанышты күн. Ауа райы да дәл серуендеуге арналғандай қолайлы болды.2019 жылдың сәуір айының 21 күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультетінің 103 топ курсанттары топ жетекшісі полиция капитаны Абзал Анварұлы Әбдәлімен бірге Қостанай қаласынан 27 км тыс орналасқан «Спецназ» ормандағы демалыс базасына барып қайттық. Демалыс базасының аумағында коттедж ас үйі бөлмесімен пейнтбол ойынын жалға алынып, дәмді кәуап пен палау дайындалып, самаурын хош иісті шай дайындалды.

Ұжымды жұмылдыру, қарым-қатынасты жақсарту үшін таза ауада уақытты тамаша өткізу барысында пейнтбол және түрлі спорттық ойындар, футбол, волейбол ойнатылды. Пейнтбол – командалық ойын, ол курсанттарға өздерін ұжымдық ортада ұстауға, қарым-қатынасты жақсартуға көмектеседі, ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Тек пейнтболда жылдам және дұрыс шешімдер қабылдауға, өзінің шығармашылық және көшбасшылық қасиеттерін аңғартуға және бүкіл команданы бір мақсатқа ұмтылдыруды үйренуге болады.

Курсанттар қажетті киім-кешектерді және қару-жарақты алғаннан кейін нұсқаушыға барды, онда оларға нақты нұсқаулар берілді және алдағы болатын қаруланған қарсыласулық ұрыстар өтетін алаңмен таныстырылды.

Сенімді қару, досыңның иығы және әскери тапсырма – нағыз әскерге бұдан басқа не керек?! Қатысушылардың көпшілігінің пейнтболды алғашқы рет ойнағандығына қарамастан, бірнеше жаттығулық атыстардан кейін командалар бірден алаңды қорғауға кірісті. Бір жақсысы, «өлтірілгендер мен жараланғандар» ұрыс алаңдарынан жарақатсыз аман-есен шығып жатты. Ал «тірілер» кері шегінбеді және соңына дейін шыдап шықты. Ұрыстар арасындағы үзілістерде қарсыластар бірге күліп, қалжыңдасып бір-бірімен өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп жатты.

Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт береді демекші курсанттар өз бойына күш жинап, бір сергіп қалды. Топ арасындағы ынтымақтастық пен ұйымшылдық одан сайын артып, бір-біріне деген сыйластық жоғары деңгейде көрінді, сондай-ақ, бір-бірін жаңаша қырдан танып, жақындасып, ұжым жұмылдырыла түсті.Жағымды әсер, қуанышты сезіммен оралған курсанттар демалыс күнінің есте қаларлықтай, ойдағыдай, әрі сәтті өткеніне өте қуанышты болды.


103 топ кураторы

полиция капитаны

А.Әбдәлі