Қайырымдылық іс — шарасы

Ағымдағы жылдың 23- і сәуір күні Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 1 курс курсанттары Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық  филармонияда өткізілген қайырымдылық іс-шарасына қатысты. Бұл іс – шараға қатысудың мақсаты көмекті қажет ететін жандарға қол ұшын беріп, көмектесу. Іс-шара барысында би биленіп, ән шырқалып, домбыра тартылды. Курсанттар концерттен ерекше сезіммен оралып, олардың өмірге деген құлшыныстарын бағалау сезімдері жоғарылай түсті. Осындай іс-шараға қатысуымызға мүмкіндік жасап отырған, академия басшылығына және  1 курс басшылығына алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта осындай жақсылыққа бастама болатын іс-шараларға жиі қатысуға тырысамыз!



полиция қатарындағы

1 курс курсанты

А.Бакбаева