«Білікті маман-2019» сайысының 3 кезеңі

2019 жылдың 19 сəуірінде Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі жəне сырттай оқыту факультетінің 204 топ курсанттары арасында «Білікті маман-2019» сайысының 3 кезеңі өтті.
Бұл кезеңде курсанттар өздерінің «Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқық» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық» пәндері бойынша алған теориялық білімдерін сынады. Курсантардың білімін əділ бағалау Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының оқытушысы полиция капитаны М.Қалқаманұлы жəне Əкімшілік құқық жəне əкімшілік қызмет»кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Д.Қалқаманұлы жүктелді.

Топ мүшелері сайысқа тиянақты дайындалып, өздерінің бақтарын сынады. Əсіресе, білімдерін жоғары деңгейде көрсеткендер: полиция қатарындағы Ф.Əліпбек, Ж.Бердімұрат, Ж.Самигуллина, Б.Сəткешова, Ә.Тəкібаев жəне Ұ.Тұрсын болды.

2 курс курсанты
полиция кіші сержанты
Сайдалина Гульмира