Жемқорлық індет

Жемқорлық індет жылатқан қанша адамды,

Шырмалып келіп, улайтын тұнық санаңды.

Досың боп келер, бетперде киіп қас жауың,

Түсірер құрмет, сыйың мен бедел бағаңды.

Бақыт болмаған пайданың оңай жолында,

Парамен келген көп ақша құнсыз қолыңда.

Білсе ғой шіркін ешкімде емес өз халқың,

Өз ұлтың сорлап, қинала тұғын соңында.

Адасып жолдан шырмалып кейбір ұлың жүр,

Ұрпаққа бүгін ақ пен қараны ұғындыр.

Қазаққа даму, өркендеу керек алдыға,

Жемқорлық барда болашақ біздің бұлыңғыр.

Алыс бол әркез жемқорлық дейтін індеттен,

Індеттің досым қауіпті екенін білмеппең?

Жалынды жастар білімді және қайратты,

Ақ жолда жүріп қызмет істе, елге құрметпен!

полиция қатарындағы 2 курс курсанты

Ерболат Лашын