Жас толқындар өлеңдерін тарту етті

Ел боламын десең, бесігіңді түзе, — дегендей, біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек. Ал барлық  жігер, қайрат, еліміздің болашағы жастардың қолында.

2019 жыл — Жастар жылы деп жарияланды. Жастар жылы аясында, Академияның имиджін көтеру, жастарды патриотизмге тәрбиелеу,  курсанттардың  шығармашылық белсенділігін арттыру бағытында,  Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен  2019 жылдың 15 сәуір күні 2 курс курсанты Ерболат Лашын және 3 курс курсанты Әділ Ілияс  «Алау» телеканалының «Өмір ағымы» атты бағдарламасында тікелей эфирде сөз сөйледі.  Курсанттармыз тікелей эфирде өздерінің жүректен шыққан «Әкешім — Анашым», «Жастар-елдің ертеңі» және тағы да басқа керемет өлеңдерін оқыды.   Әр курсанттың бойында табиғат берер ерекше қабілеті, дарындылығы болады.

«Бұлақ көрсең көзін аш» — дегендей, біздер әр курсанттың бойындағы дарындылық қасиетін  дамытуымыз қажет.  Бүгінгі таңда, заман талабына сай, қай салада болмасын ел тізгінін ұстауға лайық, кәсіби білікті, қабілетті, жауапкершілігі жоғары, шығармашыл ойлауға дағдыланған, білімі терең мамандар даярлау біздің жалпы мақсатымыз болып табылады. Болашақ тәртіп сақшылары өздерінің тікелей қызметтерімен қоса, шығармашылық жағынан өздерін дамыту көңіл қуантады.

Баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы

О.Уақпаева