Жастар жылына арналған «Мен ҚАЖ болашақ қызметкерімін» атты қылмыстық-атқару құқығы пәні бойынша викторина ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде Академия қабырғасында Қылмыстық-атқару жүйесі бағытында білім алып жатқан 207, 208 оқу топтарының қатысуымен Жастар жылына арналған «Мен ҚАЖ болашақ қызметкерімін» атты қылмыстық-атқару құқығы пәні бойынша викторина өтті. Аталмыш іс-шара қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының, сонымен қатар кафедрада педогогикалық тәжірибеден өтіп жатқан 1 курс магистранттарының ұйымдастыруымен өткізілді.

Викторинаның негізгі мақсаты, курсанттардың қылмыстық-атқару құқығы пәні бойынша білімдерін жетілдіру, интеллектуалдық және щығармашылық қабілеттерін дамыту, болашақ мамандықтары бойынша бағдарлау  болып табылады.

Викторинаның I-кезеңі қатысушы командалардың өздерін таныстыруынан басталды, II-кезең «Бәйге» курсанттар қылмыстық, қылмыстық-атқару құықғы бойынша сұрақтарға жауап беріп, білімдерін сынады, III-кезең «Полиглот» қатысушылыр берілген сұрақтарға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жауап берді, IV-кезең «Мен ҚАЖ болашақ қызметкерімін» — бұл кезеңде қатысушылар Қылмыстық-атқару жүйесіне байланысты суреттер салып өз шығармашылықтарын шыңдады, V-кезең «Оратор» команда спикерлері берілген еркін тақырыптар бойынша өзекті ой қорыта отыра, шешендік қабілеттерін сынады.

Викторинаға қатысушы курсанттар тапқырлықтарымен қатар, ұшқыр ойларын жоғары дәрежеде көрсете білді.  Викторина қорытындысы бойынша  1-орынға «Қабылбаев ұрпақтары» (208-оқу тобы), 2-орынға «Жас Star» (207-оқу тобы), 3-орынға «Міндет» (208-оқу тобы) ие болса, ал «Көрермедер көзайымы» номинациясымен 207-оқу тобының курсанттарынан құралған «Зиялы қазақ» командасы марапатталды.

 Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және

криминология кафедрасы және

1 оқу жылындағы магистранттар