АДАЛ ЖАСТАР – ЕЛІМІЗДІҢ ГҮЛДЕНУІНІҢ КЕПІЛІ

2019 жылғы 17 сәуірінде А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде жалпы республикалық жастар форумы өтті. Жастар Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қостанай облысы бойынша Департаментінің ұйымдастырылуымен өткізілді. Жастар форумына ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттарының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар бастамасы» клубының мүшелері қатысып, ат салысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша ұйымдастырылған жалпы республикалық Жастар форумы «Адал жастар – еліміздің гүлденуінің кепілі» деген атпен республиканың барлық жоғары оқу орындарының арасында телекөпір әдісінде өткізілді.


Форум аясында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Ж. Шпекбаев, Академиялық адалдық лигасы кеңесінің төрағасы, М.С. Нарықбаев атындағы ҚазМЗ университетінің провосты М.М. Дауленов, «Болашақ» Ассоциациясының директоры Л.Б. Демесинова және т.б. республикамызға адал еңбегімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірлерімен көзге түскен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға үлестерін қосып жүрген тұлғалар сөз сөйледі.

ҚҚАҚжК кафедрасының

аға оқытушысы

полиция подполковнигі

З. Суйеубаева