Академия курсанттары «Ғылым және білім — 2019» халықаралық ғылыми конференциясына қатысты

2019 жылдың 12 сәуір күні Нұр-Султан қаласында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық  университетінде «Jastar jylyna»  арналған «Ғылым және білім — 2019» атты студенттер мен жас ғалымдардың XIV халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Конференция  қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Конференцияға Қазақстанның бірнеше аймақтарынан келген көптеген студенттер, сонымен қатар Монголия, Өзбекстан студенттері де қатысқан болатын.

Бұл іс-шараға ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультетінің 1- 3 курс курсанттары катысып,  жүлделі орындарға ие болды. Жүлделі 3-ші орындарға ие болған Қостанай академиясының 3 курс курсанты полиция қатарындағы Камасов Данияр  және 2 курс курсанты полиция қатарындағы Амирханова Айнель дипломмен марапатталды. 3 курс курсанты полиция қатарындағы Конваева Камила
ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 3 курс курсанты полиция сержанты Сайфутдинова Эльмира алғыс хатпен марапатталды.

ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттарын жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта биіктен көрініп, жемістеріңе нұр жаусын!






Психологиялық жұмыс орталығының

оқытушы -әдіскері

полиция капитаны

В.С.Касенова