Ең алғашқы  арнаулы атағын табыстау рәсімі өтті.

Сәуір айының он екінші жұлдызы күні 1 курс курсанттарына кіші сержант арнаулы атағын табыстау шарасы өткізілді.Салтанатты шара 1-ші курс курсанттары үшін ең алғаш рет өткізіліп отыр. Қаншама сынақтардан өтіп,көптеген комиссия құрамының берген сынақ мерзімінен сүрінбей, өз орындарын сақтай білген кіші сержант құрамы үшін бұл шара көп уақыттағы еңбектерінің жемісі деп айтуға болады. Салтанатты шараға академия бастығы полиция полковнигі Биекенов Нұрлан Амангелдіұлы, Академия бастығының орынбасарлары полиция полковнигі Каракушев.С.И ,Каппасов Е.Т, Кусеубаев А.Б қатысты. Академия бастығы полиция полковнигі Биекенов Нұрлан Амангелдіұлы кіші сержант құрамына өз міндеттерін адал орындауға, өз қарамағындағы адамдарға жауапкершілікпен қарауға және оқу да, спортта, академия өміріне өз үлестерін қосып,курс басшылығының артқан сенімдерін мәртебемен алып жүруін  айтып өтті. Және өз сөзінде академиядағы тәртіп пен білім сапасының нәтижесін арттырып,басқа да курсанттарға белгіленген тәртіпке бағынуларын талап етті. 1-ші курс курсанттарын ең бірінші алған атақтарымен құттықтаймыз және оларға алдағы уақытта өз міндеттерін ойдағыдай атқаруын тілейміз.








1 курс курсанты полиция қатарындағы Бакбаева Аида