Біліктілікті арттыру курстарының кезекті аяқталуы

Екі апта бойына біліктілігін арттыру үшін Академия қабырғасына республикамыздың әр облысынан жиналған Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының тыңдаушыларына сертификаттар тапсырылды.

Тыңдаушыларға сертификаттарды Академия бастығы, заң ғылымдарының докторы, доцент полиция полковнигі Нұрлан Амангелдіұлы Биекенов тапсырды.

Тыңдаушылар, өз кезегінде, Академия басшылығына, профессорлық-оқытушы құрамға алғыстарын білдірді:

Баламбаев Асхат (набор 2007 года) – заместитель начальника отдела контролерской службы КУИС МВД РК, капитан юстиции

В период прохождения курсов повышения квалификации, были обсуждены актуальные вопросы, касающиеся режима и надзора в УИС. Приобретенные новые знания, безусловно, несут в себе большую пользу и будут применены в нашей практической деятельности.

Кроме того, полученные от преподавателей материалы дадут полученные знания в работе в дальнейшем .

Я, как бывший выпускник, хочу отметить, что на территории Академии произошли большие изменения по благоустройству. С большим удовольствием побывал в музее Академии, где все напоминает о годах, когда я был курсантом. Встретился с моими бывшими однокурсниками, которые после окончания магистратуры, преподают в Академии. У меня тоже появилось желание продолжить свое обучение.

Рахишева Орынай — Атырау облысы бойынша ҚАЖД УГ-157/11 мекемесі бақылау  қызметі бөлімінің бастығының орынбасары, әділет капитаны

Қостанай академиясында болған бірінші күнімізден бастап маған материалдық-техникалық база, білімді профессорлық-оқытушы құрам, өткізілген сабақтар қатты ұнады. Тәжірибелік қызметте қолданатын қажетті білім алғаныма сенімдімін. Академия басшылығына және барлық жеке құрамына алғысымыз шексіз. Еңбектеріңізде табыс, отбасыларыңызға бақыт тілеймін!

Өтемісов Нұрсұлтан — Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД ГМ-172/8 мекемесі бақылау қызметі бөлімінің бақылаушысы, әділет аға сержанты

Екі апталық біліктілікті арттыру курсында көптеген өзімізге керекті мағлұматтарды, ақпараттарды алдық. Академия оқытушыларының тәжірибесі өте жоғары деңгейде. Сабақ барысы қызықты өту үшін әртүрлі тренингтер, практикалық тәжірибе алмасу, дөңгелек үстел өткізілді. Сонымен қатар, мәдени-көптік іс-шаралар өткізілді: Академия мұражайына, облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, қаланың тарихи жерлеріне топпен бирге жасадық.

Топ атынан барлық Академияның жеке құрамына алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта бұданда биік жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспіз.

Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институты