Теория мен практика ұштасқан сабақ

2019 жылдың  4 сәуір күні ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультетінің 2 курсының 202, 201 оқу топтарымен ҚР Қылмыстық құқық (Ерекше бөлім) пәнінің тақырыптық жоспарына сәйкес «Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар» практикалық сабағы өткізілген болатын. Осыған орай академияға бұрын Қостанай облысының ІІД жоғары лауазымдарында қызмет атқарған, ҚР ІІМ зейнеткері полиция полковнигі Сатыбалды Маженович Насыров мырза шақырылды. Кездесу барысында курсанттармен көп қызықты мәліметтермен бөлісіп, өз басынан өткен көптеген оқиғаларын айтып өтті. Болашақта төзімді, батыл, білімді болу керек екенін қадап айтты. Әрқашан өздерінің міндеттерін ұмытпай тәртіпке бағынып, алға ұмтылудың маңызы ерекше екенін түсіндірді. Курсанттар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, сол сұрақтарға жауап алды.

«Ескінің  көзі, дананың сөзі» — демекші, ішкі істер саласында көптеген жылдар бойы еңбек еткен тұлғамен кездесу курсанттардың, оқуға деген құлшыныстарын арттырып, алға қойған мақсаттарын одан әрі шыңдай түскені байқалды.

Қылмыстық,қылмыстық-атқару құқығы

және криминология кафедрасының

оқытушысы полиция капитаны

М.Қалқаманұлы