Әсерге толы тренинг

2019 жылдың 4 сәуірінде академияның педагогика және психология кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Тұрсынбаева Назгүл Жанбыршықызымен бірлесіп күндізгі оқыту факультетінің 2 курс 211,213 оқу топтарымен  ІІО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет туралы сабағында тақырыптық жоспарға сәйкес «Жемқорлыққа қарсы бағыттау табиғатының психологиялық ерекшеліктері» атты тренинг-семинар өткізілген болатын.Тренингтің мақсаты — курсанттарды таным мен түсініктегі қателіктер арқылы оптимистік, жарқын болашаққа сенуге, қиыншылыққа мойымау сияқты қасиеттерді тәрбиелеу және адамгершілік сезімдерін,отан сүйгіштік, достық, адалдық, ар-намыс, борыш, жауапкершілік, ар-ұят сезімдеріне тәрбиелеу.

Тренинг барысында курсанттарға «парақорға хат жолдау», «парақорлық эмблемасы», «біздің еліміз парақорлықтан таза» атты  тапсырмалар мен  «компот ойыны (сергіту сәті)», «алтын балық» ойындары жүргізілген болатын.

Қорыта айтсақ, өткізілген тренингтің болашақ полиция қызметкерлеріне берер әсері мол.

Қылмыстық,қылмыстық-атқару құқығы

және криминология кафедрасының

оқытушысы полиция капитаны

М.Қалқаманұлы