Біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарының тыңдаушыларына арналған экскурсия

Тәрбие жұмысы жоспарының шеңберінде республикамыздың әр облысынан келген Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының тыңдаушыларына Академия мұражайына, облыстық тарихи-өлкетану мұражайына және қаланың тарихи жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.

Академия мұражайында Академия тарихымен, экспозицияларымен және әйгілі генерал-лейтенант Шырақбек Қабылбаевтың өмірбаянымен және қызмет жолымен тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы Д. Альжанова таныстырып, шолу жасап өтті.



Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында тыңдаушылардың назарына Қостанай облысының тарихи және көрікті жерлерінің суреттерімен танысуға болатын экспозициялар, сонымен қатар суретшілер Ю. Новоселов пен А. Сапиевтың көркем шығармалары ұсынылды. Сондай-ақ, мұражай қызметкерлері тыңдаушыларды «Рухани жаңғыру» экспозициясымен таныстырды.


Еліміздің әр аймағынан келген біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларының мұражайдың ақпараттық материалдары мен кең көлемді экспозициялары әрқайсысының үлкен қызығушылығын тудырды. Өз кезегінде, тыңдаушылар мұражай қызметкерлеріне осындай ауқымды және мазмұнды экскурсия үшін зор алғыстарын білдірді.

 

Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институты