Жайдарман 2019

Әзіл – кейбір адамдардың өмірінің бір бөлшегіне айналды десек те болады. Себебі, жайдарман ойындары арқылы қатысушылар өздерінің әзілдерімен қоғамда болып жатқан жайттарды жеткізіп жатады. Жалпы қазіргі уақытта елімізде жайдарман ойындары жаңаруда. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев биылғы 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялағаны баршамызға мәлім. Сол себепті, еліміздің білімді де білікті жастары қай салада болмасын еліміздің болашағының дамуына үлес қосу жолында өздерінің түрлі жобалары мен тың идеяларын ұсынуда. Жайдарман ойынының қатысушылары да сахна төрінде аталмыш жоба аясында белсенділік танытуда. Осы жоба аясында ұйымдастырылып, жайдарман қонақтарына ерекше көңіл күй сылаған 2019 жылдың 8 сәуірінде Қостанай қаласы, Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда ұйымдастырылып өткізілген Жайдарман лигасы 1/8 финалын айтып өтпекпіз.

Аталған ойын лигасына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының «Ішкі істер құрамасы» командасы белсене қатысып, өнер көрсетті. Жайдарман ойын лигасы тек 1 сайыстан құралды. Сайысқа қатысып, өнер көрсеткен Жайдарман командасы мүшелері көрермендерге қоғамда орын алып жатқан кейбір мәселелерді сынға алып, жайдары әзілдер арқылы жеткізді.

Сондай-ақ, айта кетер жайт, көрермендердің ішінде 1-3 курс курсанттары да жайдарман қатысушыларын тамашалап, қолдау көрсетті. Жайдарман ойын лигасы бойынша жиналған қаражат ауруға шалдыққан 5 жасар Жумабаева Анель Калихановнаның Қытайда ем алуына байланысты жұмсалатын болады. Кішкентай бүлдіршініміздің ем алып, жазылып кету жолында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Осы қайырымдылық шарасына 75 курсант қатысты. Жалпы, сайыс қорытындысы бойынша «Ішкі істер құрамасы» өз қоржындарына 1000 ұпайды еншіледі. Өз кезегінде «Ішкі істер құрамасы» қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылығына алғыстарын білдіреді.

«Күлдіре білу де – өнер» демекші өздерінің өнерлерін сахна төрінде көрсете білген, көңілді әзілдерімен бөлісіп, кеш қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлаған Академия курсанттарынан құралған «Ішкі істер құрамасына» алғысымыз шексіз. Шынымен де, көрермендерге күлкі сыйлау, қоғамдағы келеңсіз жайттарды сынға алып, әзілмен жеткізу — кез келген жанның қолынан келетін іс емес. Сондықтан,«Ішкі істер құрамасына» биылғы «Жастар жылында» жарасымды, жайдары жақсы әзілдерімен көрермен көзайымына айналып, бұдан да биік асуларды, бұдан да биік белестерді бағындыра берсін демекпіз.

Э. Канатчина

3 курс курсанты, полиция кіші сержанты