Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қатысуымен өткен Online отырыс

Қарағанды академиясының 50 жылдығын мерекелеуге байланысты 04 сәуірінде сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы ІІМ Берімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының профессорлық-оқытушылық ұжымының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыруға жалпы білім беретін пәндерді оқытудың әдістемесін жетілдіру» тақырыбындағы online режимінде дөңгелек үстел өткізілді.

Жоғарыда аталып өткен іс-шараға Б.Есболатов атындағы Алматы қаласының академиясы, Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының  профессорлық-оқытушылық құрамымен тақырыптың өзекті мәселелері қозғалып, оқытудың әдістемесін жетілдіру аясында ұсыныстар қарастырылды. Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының атынан кафедра бастығы философия ғылымдарының кандидаты Д.Б.Тойматаев «Білім берудің жаңа парадигмасы және оқытушының рөлі» атты тақырып бойынша сөз сойлеп, біріншіден, қоғамдағы рухани бірлік пен консолидацияны, бейбітшілікті сақтау; екіншіден, еңбек этикасын құрастырудың мүмкін еместігі; үшіншіден, ұлттық колоритті сақтай отырып, ұлтаралық жəне полимəдениеттіліктің негізінде университеттік білімнің əлеуметтік мəдени негіздерін дамыту бойынша ұсыныстар ұсынды.

ӘГП кафедрасының оқытушысы

Шаяхметов М.Н.