Жұлдызды арулар

«Әйел деген мәңгілік пәк сезімдердің,

таусылмайтын рухани жарылыстың бұлағы»

Суретте: Академия түлегі Л. Аринова

Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол — мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.

Нысанды киім үлгісіндегі адам көзге бірден түседі. Әскери киім киген нәзік жанды арудың қандай әсем көрінетінін елестетіңізші.

Әрине, погон қатаң тәртіпті талап етеді, бірақ олардың әсемдіктеріне нұқсан келтіре алмайды.

Бір қызығы, полицияда ІІМ институттарының түлектері ғана емес, жоғары заң, экономикалық немесе педагогикалық білімі бар қыздар да жұмыс істегісі келеді. Қазір полиция қатарында погон таққан әйелдердің саны артып келеді. Бүгінгі күні Ішкі істер органдарында адамзаттың нәзік жанды өкілдері жұмыс істемейтін бірде-бір бөлімше жоқ. Бұл Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіннң Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына да тән, және олар қызметте өздерінің кәсіби шеберлігін  дәлелдеп келеді.

Әрине, «погон тағу – әйелдің ісі емес» дейтіндер кездеседі, бірақ жоғарыда аталған әйелдердің қабілеттеріне қарап, ол сөздердің дұрыс еместігіне көзіңіз жете түседі. Тап осы білім, дарын және үлкен еңбексүйгіштік құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тамаша нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Жұлдызды арулар, жұмыстағы жүктелген қызметтік міндеттерге қоса, әрдайым отбасы ошағының да сақтаушысы болып табылады. Полиция бөліміндегі асыл жандар күнделікті қызметке жылы шуақ, әсемділік сыйлайды, бұған тек арулар ғана қабілетті.

ОӘО оқытушы-әдіскері

полиция майоры

А.Аетова