Жас маман — жаңа серпін бастауы!

Бүгінгі таңдағы ең басты шарт-талаптардың бірі ол — бәсекелестікке қабілетті маман болу. Яғни, жаңа ғасыр, жаңа заман осыған қарай тез қарқынмен зымырап, бет алып барады. Ендігі жерде кім жанталасып жақсы жұмыс істейді, кім өз мамандығын жетік меңгеріп, жаңалыққа қалай тез қол жеткізеді – соның жолы болады. Елбасымыздың жас мамандарға да қойып отырған жаңа талабы да осы – адалдық, өз мамандығына, өз ісіне беріктік, шыншылдық.

 Бұл жолда біздің, яғни оқытушылардың да алатын орнының ерекше екендігін де айрықша көрсетіп өту керек.

Оқытушы және куратор ретіндегі негізгі ұстанымым – курсанттарды бәсекелестікке қабілетті тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, кішкентай қуанышын, табысын бағалай білу. Осы таңда менің ойыма: «Маған жай айтсаң — ұмытамын, көрсетсең — есімде сақтаймын, ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң — үйренемін» деген халық даналығы есіме түсіп отыр. Міне, осы даналыққа қатысты біздің де КОФ 4 курс 408 оқу тобының курсанттары өндірістік тәжірибесін өту барысында өз мамандығының қыр-сырын үйреніп жүр.

Ұлтын, елін, мамандығын, жұмысын сүйген ұлдың жүрек лүпілі сезіледі дегендей біздің де курсанттарымыз қазіргі уақытта өз сүйген жұмыстарын атқаруда. Қазақстанның барлық қалаларында әр түрлі лауазымда жүрген курсанттар өз жұмысындағы міндеттерін адал атқару жолында және де олар жұмыста жас маман ретінде танылады. Мен топ кураторы ретінде әр курсантпен телефон желісі арқылы хабарласып, қал жағдайын тексеріп тұрамыз. Жас маман үшін жұмыс болғасын оңай және қиын жолдары қарбаласып жүреді. Курсанттардың айтуынша әр жұмыстың қиындығы да, қызық сәттері де болып тұрады. Жалпы курсанттар жұмысқа қызығушылық танытқанымен, жүрек түкпірінде Академияны сағынатынын жеткізді. Ендігі жолда, біз топ кураторлары курсанттарымыздың атқарып жүрген жұмыстары, яғни өндірістік тәжірибелері сәтті өтсін деген ақ тілектеміз!!!

 

408 оқу тобының кураторы

полиция аға лейтенанты

Н.Турсумбаева