Сейілдеме керемет көңіл күй сыйлайды

Наурыз айының 30 жұлдызы ұлыстың ұлы күндерінің бірінде Қазақстан Республикасының ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының 103 топ курсанттары сеуілдемеге шықты.
Осы бір наурыздың жылы, ашық күні «Таңдыр» атты кафеге бардық. Топ арасында әңгімелер айтылып жақсы отырыс болды. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Осылай бастары қосылып тілектерде айтылды.

Тариxты біле жүрген дұрыс деп «Арман 3D» кинотеаторына барып «Қазақ xандығы» атты фильмді тамашалап қайтты. Фильмде шиеленіске толы шытырман оқиғалар, жарқын майдан сахналары мен ауыр сынақтар ащы жеңіліс пен қуанышты жеңіс сәттері қатар көрініс тапқан.
Қорыта айтқанда, 103 топ курсанттары сейілдеме уақыттарын керемет көңіл — күймен өткізіп, осындай қызыққа толы сәттер үшін кураторларына алғыс білдірді.

 

                                                                  ӘҚ және ӘҚ бөлімінің оқытушысы

                                                                  полиция капитаны

                                                                  А.Әбдәлі