Авторлық ұжымның және кафедраның ғылыми үйірмесінің кезекті отырыстары

2019 жылдың 3 сәуір күні мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының «Ішкі істер органдарындағы қызметкерлердің құқық қолдану қызметіндегі құқықтық мәдениет пен құқықтық сана» ғылыми-зерттеу тақырыбы аясында кезекті отырыстары өткізілді.

Күн тәртібіне жоспар бойынша ұсынылған барлық сұрақтары ұжыммен қарастырылып талқыланды.



Жұмыс барысында жоспарланған Қазақстан Республикасының азаматтық құқық пәні аясындағы зияткерлік ойын сайысын өткізу жұмысының бағдарламасын кафедраның аға оқытушылары, полиция майоры А. Ақылбекова, полиция капитаны А. Қаражан авторлық ұжымына ұсынды. Сайыс 4 кезеңнен құрылған және әр кезеңнен 1 топ шығарылатыны туралы айтып кетті. Сонымен қатар ағымдағы жылдың сәуір айында кафедраның курсанттық ғылыми-теориялық конференциясын өткізу жоспарланды.

Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының

аға оқытушылары полиция майоры А. Ақылбеков,

полиция капитаны А. Қаражан