1 курс жеке құрамының кіші сержанттарына кезекті Аттестация

Наурыз айының 29-шы жұлдызында Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 1 курс жеке құрамы үшін өте маңызды іс-шаралардың бірі болып өтті. Жыл басында сайланып, қаншама сынақтардан өткен кіші сержант құрамы, өздерінің көптен күткен шеңдерін алмақшы. Курсанттардың білім, тәртіп жағын бағалау үшін арнайы аттестациялық комиссия құрылды. Олардың құрамына саптық бөлім жұмысы бойынша орынбасарының міндетін атқарушы,  полиция капитаны Б.А.Каленов кадр бөлімі жұмысының бастығы, полиция полковнигі А.К.Ибраев тәрбие бөлімі жұмысының бастығы, полиция майоры Р.К. Аужанов 1 курс жеке құрамының бастығы, полиция майоры М.С.Мурзагалеев және оқу топтарының кураторлары қатысты. Бұл кезекті аттестация болашақ сержанттар үшін ең алғашқы сынақтардың бірі емес. Алғашқы аттестация 2018 жылдың 21 қазанында  болған еді. Сол сәттен кейін аттестациялық комиссия курсанттарға уақытша сынақ мерзімін берген еді. Жас сержанттар құрамы талмай еңбектеніп, өздерін жақсы жақтан көрсетіп, білім, спорт, тәрбие және тәртіп жағын бірге алып жүруге серт берді.










А.БАКБАЕВА,

полиция қатарындағы 1 курс курсанты