Желілік полиция бөлімшесіне шығу сабағы ұйымдастырылды

2019 жылдың 1 сәуірінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Күндізгі оқыту факультетінің 3 курс курсанттары 303 және 304 топтарымен «Әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет» кафедрасының оқытушысы, полиция капитаны А.А. Әбдәлімен бірге «Әкімшілік қызмет» пәні бойынша Көліктегі ішкі істер бөлімі тақырыбында Қостанай қаласы Желілік полиция бөлімшесіне шығу сабағы ұйымдастырылып өткізілді.

Аталмыш шығу сабағын ұйымдастырудың негізгі мақсаты – теория жүзінде білім алып жүрген курсанттарды тәжірибелік қызметке даярлау, кәсіби дағдыларын қалыптастыру, танымдарын кеңейту, сонымен қатар, ең бастысы ішкі істер органдарының қызметіне деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

Шығу сабағы барысында курсанттар Көліктегі ішкі істер бөлімінің жалпы жұмыс тәртібімен, қызметкерлердің негізгі міндеттерімен,қағидаларымен, сондай-ақ жұмыстың ұйымдастырылуымен және оның қарамағындағы бөліністермен танысып қайтты. Сонымен қатар, курсанттар ішкі істер бөлімінің қызметкерін мұқият тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып үлгерді.

Жұмыс барысымен танысудан бөлек, әрине көліктегі ішкі істер бөлімінің тарихына үңілмеу мүмкін емес. Сондықтан мұражай қызметкерінің ұйымдастыруымен курсанттарға темір жол вокзалының ғимаратында орналасқан шағын экскурсия өткізілді. Экскурсия соңында курсанттар мұражай жайлы өздерінің ой-пікірлерін қалдырды.

Жалпы, Көліктегі ішкі істер бөліміне ұйымдастырылған шығу сабағының қорытындысына келер болсақ, курсанттар аталған бөлімнің негізгі қызметімен және халықпен жұмыс жүргізу тәртібімен танысты. Қызметкерлермен ұйымдастырылған экскурсия, таныстыру жұмыстары курсанттардың көңілінен шығып, қызығушылықтарын одан әрі арттыра түсті.

ӘҚ және ӘҚ бөлімінің оқытушысы
полиция капитаны
А.Әбдәлі