«ЖАСТАР ЖЫЛЫНДАҒЫ XXI ғасырдың көшбасшылары»

«2019 жыл — Жастар жылы» деп атауы қазақ елінің жарқын жастарына аса үлкен сенім арта отырып 2019 жылдың 28 наурызында әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасы күндізгі оқыту факультетінің 3-курс курсанттары мен 1-курс курсанттары арасында «XXI ғасырдың көшбасшысы» интеллектуалдық ойынын өткіздік. Бұл іс-шараның басты мақсаты – курсанттарды Отан сүйгіштікке, патриотизмге баулып, Қазақстан халықтарының өткен тарихына құрметпен, қазіргі күні мен жарқын болашағына мақтанышпен қарауға тәрбиелеу.

Ойын төрт кезеңге бөлінді:

1-кезең: «Визиттік карта». Бұл сайыста әр команда өздерін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде таныстырады.

2-кезең: «Бәйге» — лезде жауап қайтару. Бұл сайыс барысында курсанттарға Қазақстан тарихына қатысты, Қазақстан Республикасы Президентінің қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен дамуындағы рөлі туралы сұрақтар қойылды.

3-кезең. Полиглот. Әр командаға мақалдардың толық нұсқалық мәтіні берілмей, оларды толықтыру талабы қойылды (жауабы үш тілде айтылуы керек).

4-кезең. Әр командаға тапсырма беріліп, одан соң 2 минуттың ішінде өз тапсырмасын әйгімелеу тапсырылды.

Интеллектуалдық ойын қорытындысы бойынша 1 орынды 304 оқу тобының «Барыс» командасы, 2 орынды 103 оқу тобының «Сақшылар» командасы иеленді.

Ойында курсанттар белсенділік танытты, іс-шараны өткізу барысында кең дүниетанымын, ұжымдықты және жауаптылықты сезінулерін, сондай-ақ қазақ ,орыс және ағылшын тілдерін жетік білетіндерін байқатты.

Барлық командалардың өкілдері бұл секілді ойындар тұрақты түрде өткізіліп тұрса деген ұсыныстарын айтты, өйткені бұндай шаралар дүниетанымын, тарихқа деген қызығушылықты, ұжымдықты сезінуді, стандартты емес жағдайлардан шыға білуді, сөйлей алуды, сондай-ақ жауаптылық пен парыз туралы түсініктерін қалыптастыруға көп көмегін тигізері анық.

Барлық қатысушылар грамоталармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен  марапатталды.

Кеш соңында әікмшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасының ұжымы қатысушылардың әрқайсысының өз елінің көшбасшысы болуына, үнемі жетіліп отыруларына тілектестік білдірді.

ӘҚ және ӘҚ кафедрасы