Наурыз мерекесіне арналған мерекелік кеш

Наурыз мерекесіне арналған мерекелік кеш
Келе жатыр жылымыз
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып, жадырасып бәріміз,
Күннің жаңа нұры бар, мұның ғажап сыры бар
Халық сүйген мейрамды қарсы алайық Наурызды.



Қазақ қазақ болғалы Шығыс елінің болжамдары мен Шығыс елінің ұстанымдарына сенген. Наурыз айы Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы екен және бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде Наурыз жыл басы болып саналады. Осы тұжырымды біздің заманымызға дейін де, қазіргі уақытқа дейін де ғылыми дәлелденгенсін бір ауыздан қазақтың Жаңа жылы болып қабылданған болатын. Наурыздың 21-22-сіне қараған түні күн мен түннің теңескен күн Еліміз Жаңа жылды атап өтеді. Көктемнің алғашқы айы, кезінде ата-бабамыз қыстаудан аман-есен шыққанына шүкіршілік жасап, осы айда бауырларына, ағайын- жақындарына конақтап Көрісу, яғни Амал мерекесін атап өтетін болған. Бұл салт ретінде қалыптасып Қазақстанның Батыс өңірлерінде ғана жылдан жылға атап өткізіп келеді, бұны көрген , естіген басқа өңірдің халықтары амал мерекесін соңғы жылдары атап өткізіп келеді. Әрине, бұл көңіл қуантарлық жайт. Бұл айда өкпе реніш кешіріліп, арада түсініспеушілік болса татуласатын ай. Бұл мерекенің бірден – бір ерекшелігі үйдегі апа- жеңгелеріміз ұлттық киімдерін киіп, ауыл аралап, қонақтап жүреді. Осы бір көрініс есімнен еш кетпеш құны бағалы көрініс.



Осы жылды Елбасымыз Жастар жылы деп жариялағансын, бүгінгі айтулы күннің тізгінін жастарға берген болатынбыз. 2 курстың курсанттары өз кезегінде берілген тапсырмаларды тату, ұйымдасқан түрде орындап шықты. Курс басшылығының нұсқауымен 5 топ қатысты. 5 топқа 5 түрлі салт ұсынылды. І топ (202-210 оқу тобы) — Бесікке салу рәсімі, асық ату;
ІІ топ (204-206 оқу тобы) – Тұсау кесер рәсімі, сырға салу;
ІІІ топ (203-209 оқу тобы) – Құдалық рәсімі, табалдырық аттау;
ІV топ (207-211-212-213 оқу тобы) – Сүндет той, балаға ат қою, құйрық бауыр тарту;
V топ (208-205) – Беташар рәсімін көрсетті. Бұл кештің бірден бір ерекшелігі қазақ және орыс оқу тобын біріктіріп, Елбасының сындарлы саясатын жүзеге асыра отырып, қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау, курсанттардың бірлігін, татулығын арттыру мақсаты болып табылады. Кезінде ата-бабаларымыз бірігіп жауды тойтарған, бөлек-бөлек жеңіліс тапқан, өскелең ұрпақ бұрың барлығын ескеріп алдағы уақытта бірліктің нышанын сезініп өсуде. Ұйымдастырылған сайыстың жеңімпазы болған «Беташар рәсімін» қойған 208-205 оқу тобы иеленді. Мерекелік шарамызға Академияның бастығы полиция генерал-майоры Кызылов қатысып, кешіміздің алғашқы сөзін иеленіп ашылу салтанатында курсанттарға өз тілектерімен алдағы уақытта белсенділік танытудың маңыздылығы мен қажеттілігін ұғындырғысы келді. Иә, уақытта тізгін жоқ, жылдан-жылға еліміз жанарып, көркейіп, ұлғайып келеді, бұл дегеніміз жастардың сапалылығы. Қандай мамандық болса да бәсекеге қабілетті болайық!

2 курс бастығының орынбасары
полиция аға лейтенанты
Кабылдин М.О.
курсанттар баспасөзінің мүшесі
полиция қатарындағы
Максетова Гүлнұр