Жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

2019 жылғы 18 наурыз күні Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында тұрақты және ауыспалы құрам арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын-алу және ескерту бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында 2019 жылғы 1 тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы есеп қарыстырылды. Әлеуметтік қауіпті жағдайға тап болған тұлғаларды анықтау жұмысы, сонымен қатар өмірдегі қиын жағдайда болған және депрессивті күйдің жоғары деңгейі бар курсанттарымен жеке жұмыс жүргізілетіні, қақтығыс жағдайларды шешу және ұлт арасындағы жанжалдарды жою, сонымен қатар сенімділік қарым-қатынастарды даму және жанжал жағдайларды болдырмау үшін өзін-өзі бақылау дағдыларын үйрену мақсатында өткізілген іс-шаралар туралы айтылды.

Отырыс нәтижесі бойынша, ағымдағы жылдың екінші тоқсанында жоспарланған іс-шаралар бекітілген болатын.

Психологиялық жұмыс

орталығының оқытушы-әдіскері

полиция капитаны В. Касенова