ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР САЙЫСЫ

Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.  Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары. Ұлт ойындары атадан – балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырған. Ағымдағы жылғы 15-і наурыз күні Академия курсанттарының ұлттық ойындарға қызығушылығын арттыру мақсатында, 308-топ курсанттары Қостанай қалалық Жайлаубай ата мешітінің алаңында ұйымдастырылған «Ұлттық ойын ұлт қазынасы» тақырыбында ұлттық ойындар сайысына қатысты.

Курсанттар қол күрес сайысына қатысып бақтарын сынады. Асық ату сайысына қатысқан курсанттар өз мергендіктерін ерекше көрсетті. Сонымен қатар курсанттар арқан тартыс сайысында да өз күштерін көрсетіп, жоғары белсенділік танытты.

Өткізілген ұлттық ойындарымыздан курсанттар ерекше әсер алып қайтты.

308 топ кураторы

полиция майоры Турымов А.Р.

308 топ курсанты

Ермек Қ.Ж