Менің кәсіби тәжірибелік практикам

Кәсіби тәжірбиелік практиканы Қостанай қаласының Ішкі істер бөлімі Солтүстік полиция  бөлімінің  ювенальды полиция тобының  кәмелетке толмағандардың істері  жөніндегі   инспекторы ретінде «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №15 орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне тағайындалған болатынмын.

Кәсіби тәжірибелік практиканың алғашқы күнінде, Солтүстік полиция бөлімінің басшылығымен, жеке құрамымен, сондай-ақ тәлімгер ретінде кәмелетке толмағандардың істері  жөніндегі   инспекторы полиция аға лейтенанты Д.О Жамекеевпенен таныстырды.

Әріптестеріммен мен іскерлік қарым–қатынаста, сонымен  қатар академия қабырғасында алған білімімнің арқасында, күн тәртібінде жұмыс жасау мен үшін қиынға соққан жоқ.

Кәмелетке толмағандардың істері  жөніндегі  инспекторы   ретінде жасөспірім балалармен оқушылармен  жұмыс жауаптылықпен шыдамдылықты талап етеді. Инспектор  тек қана  заңгер емес,  ол мұғалім, ол өз қамқорлығындағы кәмелетке толмағандардың мінез-құлқын бақылап, құқық бұзушылықты болдырмау үшін бар ықтималдығын жасайды. Құқық бұзушылыққа барған кәмелетке толмағандармен, сондай-ақ олардың ата-аналарымен қылмыстылықпен байланысты  жағдайларды түсіндіріп, кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасауына көмектесетін балаларды тәрбиелеу және олардың мінез-құлқын көтеру бойынша міндеттерін орындамайтын ата-аналарына қарсы мінез-құлыққа жол бермеу туралы алдын-ала кешенді жұмыстарды атқарады.

Қортындылай келе «Ел боламын десең – бесігіңді түзе» -деген халық даналығына сүйене отырып, құқықты, саналы, қабілетті ұрпақ тәрбиелеу біздің қолымызда.

4 курс курсанты, полиция қатарындағы

Каукен Ж.