Тәжірибелік қызметкермен кездесу

2019 жылғы наурыз айының 11 мен 16 аралығында күндізгі оқыту факультетінің 2 курс 201-204, 207-208 оқу тобы курсанттарымен «ҚР қылмыстық-атқару құқығы» пәнінен «Қылмыстық-атқару құқығының құрылымы, Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңнамасының жүйесі және қылмыстық- атқару құқыққатынастар» тақырыбы бойынша КОӨЖ сабағы тәжірибелік қызметкердің қатысуымен өтті.

Сабаққа Алматы қаласы бойынша ҚАЖД кезекші бөлімінің кезекшісі әділет майоры Сапаркулов Ерлан Молдыбайұлы қатысты. Айта кететін жағдай, Ерлан Молдыбайұлы Академияның 2010 жылғы түлегі, сол себепті кездесу өте қызықты өтті деп айтуға тұрарлықтай болды. Себебі, партада отырған 2 курс курсанттарына қарап, өзінің курсанттық кезін еске алумен тәжірибелік мысалдар келтіре отырып әңгіме өрбіткен қонағымыз тез арада курсанттардың назарын өзіне аударта білді.

Сабақ барысында қазіргі таңда елімізде жүріп жатқан ІІО органдары қызметін жаңғырту аясында жүргізіліп жатқан жұмыстармен қатар, күнделікті тәжірибеде кездесетін мәселелер талқыланып, курсанттардың болашақ қызметке қандай даярлықпен барулары қажет екендігі жіті талқыға түсті. Сонымен қатар, курсанттар өз тараптарынан көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, болашақта өз қызметтеріне қажетті кеңестер алып, кездесу соңында екі тарап бір біріне алғыс білдіріп тарқасты.

Курсанттар сабақ соңында осындай кездесулердің маңызы зор екендігіне назар аударып, тәжірибелік қызметкерлермен кездесу оң әсер қалдыратындығын атап өтті.

ҚҚАҚ және К кафедрасы

бастығының орынбасары

полиция подполковнигі

Г.Кажикова