4 курс курсанттарының өндірістік практикасы туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 4 курс курсанттары оқу жоспарына сәйкес өндірістік практиканы Қазақстан Республикасы ІІМ жинақтаушы органдарында өтеді. Осы кезеңде Академияның профессорлық-оқытушылық құрамының тарапынан курсанттардың практикадан өту үрдісін тексеру іске асырылады.
Осы мақсатта 2019 жылдың науырыз айында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қылмыстық, қылмыстық-атқару және криминология кафедрасының оқытушысы полиция майоры Ә.С. Қожахмет  Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінде, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде және Астана қ. бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде қызметтік іссапарда болды.

Тексеру барысында күнделіктерді толтыру, материалдарды жинау тексерілді, сонымен қатар курсанттардың практикадан өтуі туралы тәлімгерлермен әңгіме жүргізілді. Жалпы, курсанттардың Академия қабырғасында алған білімдері олардың практикадан табысты өтуіне ықпал жасайтындығын атап өту керек. Тексерудің соңында практиканы әрі қарай жалғастыру нұсқаулар берілді.


О производственной практике курсантов 4-ого курса

Курсанты выпускного курса Костанайской академии МВД Республики Казахстан имени Шракбека Кабылбаева согласно учебному плану проходят производственную практику в комплектующих органах МВД Республики Казахстан. В период прохождения курсантами практики профессорско-преподавательский состав Академии осуществляет ее проверку.
С этой целью в марте 2019 года преподавателем кафедры уголовного, уголовно-исполнительного права и криминологии Костанайской академии МВД Республики Казахстан имени Шракбека Кабылбаева майором полиции Кожахмет А.С. была осуществлена служебная командировка в Департамент внутренних дел г. Астана, Департамент уголовно-исполнительной системы по г. Астана и Департамент внутренних дел,  Департамент уголовно-исполнительной системы по Северо-Казахстанской области.
В ходе проверки были проверены ведение дневников, собранные материалы, так же проведена беседа с наставниками о прохождении курсантами практики. Нужно отметить то, что знания, полученные в стенах Академии в целом способствуют успешному прохождению практики нашими курсантами. По завершению проверки были даны рекомендации по дальнейшему прохождению практики.

Преподаватель кафедры УУИПиК
майор полиции
А. Кожахмет