Кәсіби практикамның күндері

Практикамның ең бірінші күні Солтүстік Қазақстан облысы Полиция Департаментінің Петропавл қ. ІІБ Бірінші полиция бөлімінде маған бекітілген тәлімгер полиция капитаны Ахметжанов Алмас Жумажановичпен таныстым. Тәлімгер  кәсіби практика жолында менің болашақ жұмысыма қатысты міндеттерімді түсіндірді.

Өзімді учаскелік полиция инспекторы етіп тағайындаған соң, Петропавл қаласының №13 Жергілікті полиция қызметінің бөлімшесіне жіберді. Ол жерде мені жылы қарсы алды, жеке құраммен тез тіл табысып кеттім. Маған жұмыс барысын, тәртібін полиция капитаны Ромазанов Дәулет Ержанұлы түсіндіріп көрсетті. Мен барлығын тез ұғып, тәжірибе уақытында қолдануға тырыстым.

Учаскелік полиция инспекторларының жұмысы полиция қызметінің ішіндегі жауаптысы болып табылады. Халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін учаскелік полиция инспекторы әр түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша Ішкі Істер органдарындағы басты тұлға. Менің ойымша полицияның  учаскелік инспекторларын қоғамдық қауіпсіздіктің тірегі деп айтуға болады. Полицияның күнделікті қызметінде құқықты жүзеге асыру, мемлекеттік басқарудың барысында қоғам мүшелері мен мемлекет арасында құқық нормаларында көзделген әртүрлі әкімшілік құқықтық қатынастарды қалыптастыру арқылы іске асырылады.

Қорытынды жасай келе, мен осы мамандықты, қызметті таңдағаныма еш өкінбеймін, керісінше дұрыс жол таңдағаным үшін қуанамын. Оның себебі елге өз үлесін қосып, заңды ескеріп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, халыққа қызмет жасаған адам өз елінің нағыз патриоты деп санаймын.

4 курс курсанты

Зарина Елубаева 401 взвод