«Психолог» курсанттар ғылыми үйірмесінің кезекті отырысы өтті.

«Жастар жылын» іске асырудың негізін басшылыққа ала отырып, курсанттардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, ғылыми ізденудің әдістерін үйрету және елін, жерін сүюге, ұлтжандылыққа, Отаншылдыққа сонымен қатар жан-жақты дамыған жеке тұлғаларды тәрбиелеу мақсатында курсанттардың дүниетанымының кеңеюіне, өмірлік және азаматтық көзқарастарын қалыптастыруға, жоғары адамгершілік қасиеттерін, рухани мәдениетін дамытуға, халқымыздың тарихы, салт-дәстүрі, тілі мен ділі, мәдени қазынасын жазудағы оқу-танымдық жұмыстарын жетілдіру, еңбекке шығармашылық тұрғыдан қарауға ықпал ету үшін ағымдағы жылдың 6 наурыз күні Психолог» курсанттар ғылыми үйірмесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыс екі бөлімнен тұрды: курсанттардың ғылыми-зерттеу жұмысы олардың интеллектісін, шығармашылығын дамыту деп аталатын бөлімде оқып-үйрену мотивациясы, зерттеудің салыстырмалы картасы, білімнің параметрлері, оқу үрдісі барысында ойлауды дамыту, дарындылық, интеллект түсінігі енгізілсе, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қойылатын талаптар деп аталанын екінші бөлімде жүйелеу немесе жіктеу, жоспар, тезистер дегеніміз, деректермен жұмыс жүргізу, мұрағаттағы деректерді іздестіру және құжаттармен жұмыс жүргізу тәсілі, ақпаратты жинау, өңдеу мен талдау, сонымен қатар отырысқа қатысқан курсанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша ғылыми жетекшілері курсанттарға зерттеу жұмысының құрылымы және қисындарын мысал түрінде айтып жеткізді.

Аталған отырыста, жақын арада өтетін ғылыми тәжірибелік конференциялар туралы сөз қозғалды. Курсанттардың ғылыми мақалаларының дайындығы және жетістіктері жайында ғылыми жетекшілері, яғни педагогика және психология кафедрасының оқытушылары баяндап өтті. Жалпы «Психолог» курсанттар ғылыми үйірмесінің кезекті отырысы өз мақсатына жетіп, үйірменің мүшелері, жастар жылына байланысты барлық ұйымдастырылған іс — шараларға  белсене қатысуға ниет білдірді.

Педагогика және психология

кафедрасының оқытушысы,

полиция аға лейтенанты,

«Психолог» курсанттар ғылыми

үйірмесінің жетекшісі

Н.Ж.Турсумбаева