Шырақбек Қабылбайұлына 111 жыл

9 наурыз Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы  Қостанай академиясы үшін айтулы күн.

9 наурыз – Шырақбек Қабылбаевтың туған күні. Жыл сайын 9 наурызында Академия басшылығы және жеке құрамы Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаевты еске алып, атамыздың мүсінінің алдына гүл шоқтарын қояды.

Шырақбек Қабылбайұлының атамыздың қысқаша өмірбаянына тоқтала кетсек, Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаев (1908-1976жж.) – мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР ішкі істер министрі, генерал-лейтенант  (ІІ рангілі ішкі қызмет генерал-лейтенанты), ІІМ еңбек сіңірген қызметкері.

1908 жылы 9 наурызында Семей губерниясы (Қазақ КСР Семей облысы Абыралы ауданы №2 ауыл) Қарқаралы уезі Абыралы №3 ауылында дүниеге келген. Ал 1976 жылы 5 шілде айында 68 жасында генерал-лейтенант Ш.Қ. Қабылбаев дүниеден өтті.

Ел алдындағы Ш. Қабылбаевтың қызметін және оның ішкі істер органдары саласындағы мемлекеттік және кадрлық саясатын жетілдіруге қосқан үлесін ескере отырып, 2014 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1287 Қаулысымен және ол жөнінде мәңгі есте қалдыру мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясына Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаевтың құрметті есімі берілді.

Осы атаулы күні салтанатты еске алу шарасын Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлы Қызылов еске алу алғыс сөзін арнап, Шырақбек Қабылбайұлының өмірбаянына шолу жасады.

«Бүгін, біз Академия қабырғасында мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР ішкі істер министрі, ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, ішкі қызмет генерал-лейтенанты Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаевтың түған күнін атап отырмыз. Қазақ ҚСР Ішкі істер министрлігіндегі өзгертулерді өткізіп, қылмыспен күресуіне басшылық еткен Шырақбек Қабылбаев Ішкі істер министрлігінің жұмысының жандануына, милицияның абыройын көтеруге, құқықтық тәртіпті нығайтуына үлкен үлес қосқан. Шырақбек Қабылбайұлының тікелей басшылығымен Ішкі істер органдарына білімді және жоғары кәсіпті мамандар даярлау үшін Қазақстанда Ішкі істер министрлігінің ведомстволық оқу орындары құрылды.  Есімізде, Шырақбек Қабылбайұлы, ұлағатты адам, реформатор, мемлекет  қайраткері болып қала береді. Оның жарқын тағдыры – біздің болашақ жас ұрпаққа және қызметкерлер үшiн үлгі» — деп атап өтті.

Жыл сайынғы Шырақбек Қабылбайұлын еске алу рәсімі Академия курсанттарын патриотизмге және азаматтылыққа, сонымен қатар өз елінің тарихын құрметтеуге бағытады.