«Шуақты көктем» мерекесі»

…Әйелдерді еркектерден көп дейді.
Ойбай,
Ойбай!..
Бола берсін көп мейлі!
Әйел деген әдемі ғой, әдемі,
Әдемілік бізге көптік етпейді…

М. Мақатаев

 

8 наурыз – шұғылалы көктемнің шуақты мерекесі, Халықаралық әйелдер күні! Бұл — барлық тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған аналар, мейірімді әжелер, әдемі арулардың мерекесі!

Көктемнің шуақ шашқан күндерімен келген шуақты мереке әйелдер қауымына қуаныш сыйлайтыны сөзсіз.

Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келген тамаша көктемнің мерекесін 201 оқу тобының курсанттары да мерекелеп өтті. Мереке басы топ қыздарын құттықтаудан басталды.Топ аруларын жігіттер құттықтап, мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тіледі.

Сонымен қатар, топ курсанттары әрқайсысы өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын төккен өз аналарына қоңырау шалып, жылы лебіздерін білдірді.

Мереке соңы тақырыпқа сай Қанағат Мустафиннің «16 қыз» атты комедиялық туындысының көрсетілімімен аяқталды.

201 оқу тобының кураторы

полиция аға лейтенанты

А. Мұрат