8 наурыз – әсем ханымдарының мейрамы

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамы — көктемнің алғашқы мерекесі. Ана қуанышы, әйел қуанышы — әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.

Осы атаулы мерекелік күні біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек.

Дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.

Сіздердің төзімділіктеріңіз бен махаббаттарыңызға алғысым шексіз!

Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.

Осы атаулы мерекеге байланысты Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылығы мен ерлер бөлігі барша  әсем ханымдарымызға гүл шоқтарын беріп марапаттап, Қостанай қаласының № 20 орта мектеп оқушыларының, Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармония әншілерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырды.










Мерекенің салтанатты ашылуын Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлы  Қызылов құттықтау сөзбен бастап, Академия ардаргелерін – ханымдарын Ішкі істер министрлігінің және Қазақстан Республикасының Ардагерлер кеңес төрағасының алғыс хаттарымен, Шырақбек Қабылбаевтың төз белгісімен марапаттады.

Қошеметке кенелген ханымдар концерттен кейін көңілді көтеріңкі күйлерімен тарқасты.

Тәрбие жұмысы бөлімі