Психологиялық тұрақтылықтың сыры  – Арт – терапия

Қостанай академиясынының Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтына ай сайын біліктіліктерін артыруға жан — жақтан мамандар жиналады. Біліктіліктерін арттыруға келген офицерлерді жаңаша, қазіргі заман талабының сұранысына бағытталған психологиялық біліммен қаруландыру  мақсатында психологиялық жұмыс орталығының аға оқытушы — әдіскері полиция майоры А.Досмаилова және педагогика және психология кафедрасының оқытушысы полиция аға лейтенанты Н.Турсумбаева сурет арқылы эмоцияны шығарудың тиімді әдісі арт — терапияны  қолдана отырып тренинг өткізді. Сабақ өткізу барысында негізгі бағыт сурет салуға үйрету емес, сурет салу арқылы белгілі бір эмоциялар тудырып, сөзбен жеткізе алмайтын проблемаларды жеңуге, шығармашылық энергияның шығуына көмектесу, яғни оң жақ жарты шармен жұмыс жасап екі жарты шардың жұмысын теңдестіру, сонымен қатар ішкі сезімін тыңдауды үйрету басты назарға алынды.

Тренинг барысында арт — терапияның бірі — ниткография әдісін қолдандық. Бұл әдістің басты бағыты әр тұлғаны шыдамдылыққа, сабырлыққа, сонымен қатар, әр істі бастар алдыңда ой елегінен өткізіп қадам жасауға үйрету.

Тренингтің жалғасы ретінде арт – терапияның тағы да тиімді әдістерінің бірі  ол – түтікшемен кляксография. Бұл әдіс арқылы жағымсыз эмоциямызды сыртқа шығару, психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру болып табылады.

Сабақ барысында сурет салу арқылы тыңдаушылардың айтуынша, олар өздерінің ішкі түйсіктерін қолдана отырып, бойларында сезіне бермейтін сезімдерді көрсетті.

Тренинг соңында тыңдаушылар алған әсерлерін жеткізе отырып, арт — терапия әдісі тек өзіне ғана емес, сонымен қатар отбасындағы балаларына өткізетінің айтып,  адам өмірінде психологияның алатын орны мен тиімділігін жеткізді.

ІІО қызметкерлерінің психологиялық тұрақтылығын қалыптастырудың бір әдісі ол — арт — терапия. Сондықтан да арт — терапияның қыр — сырын білгіңіз келсе, бізбен бірге болыңыздар!

 

Психологиялық жұмыс орталығының

аға оқытушы – әдіскері

полиция майоры А.Досмаилова

Педагогика және психология кафедрасының

оқытушысы полиция аға лейтенанты Н.Турсумбаева