О́mirgerızabolyp, alǵysaıt! trenıng (1-Naýryz «Alǵysaıtý kúni»)

«Qazaqhalqynaalǵysynbildiripjatqanárbirultókilderinebizdealǵysymyzdyaıtamyz.Osyndaıulanǵaıyrjerdi, osyndaıeldibizgemırasqylyptapsyrǵan, qantógipjerdialypqalǵanata-babalarymyzǵa da búginalǵysymyzdyaıtamyz»

N.Á.Nazarbaev

2019 jyldyń 1 naýryz kúni «Alǵys aıtý kúni» merekesine oraı 109 top kýrsanttarǵa 311-312 top kýrsanttary «О́mirge rıza bolyp, alǵys aıt!» atty trenıng – ótkizdi. Basty maqsatty: rızashylyq pen alǵys týraly túsinik berý; úlken-kishige degen súıispenshiligin, sypaıylyq qarym-qatynasyn damytý; ádeptilikke, kishipeıildilikke, izettilikke tárbıeleý. О́mirde kezdesetin jaǵdaılarǵa qaraı rızashylyq bildirýge, alǵys aıtýǵa daǵdylandyrý.
Trenıng baǵdarlamasy: 1. Shattyk sheńberi 2. Oılanaıyq, pikirleseıik 3. Tynyshtyq sáti 4. Mıǵa shabýyl 5. Applıkatsııa 6. Sergitý sáti 7. Oıyn 8. Júrekten – júrekke.
Alǵys aıtý kúni patrıotızmnyń, dostyqtyń jáne mádenıetiniń uly kúnine aınalǵan. Alǵys — bireýdiń ekinshi bireýge yqylasyn bildirýi, rahmet aıtýy. Alǵysty sózben nemese qımyl, is — áreket, zattaı syılyq berý, tipti jaqsy qarym — qatynas túrinde de bildirýge bolady. Árkim Alǵys alý arqyly óziniń basqalarmen qarym — qatynasyn, ómirdegi ornyn baǵalaı alady. Qazaq halqynyń uǵymynda neǵurlym kóp Alǵys alǵan adam baqytty bolady. “Alǵyspen er kógerer” degen mátel soǵan megzeıdi.
Jaqsy sóz aıtý, jaqsylyq jasaý – árbir adamnyń mindeti. Árıne, jyldyń ár kúni sypaıy bolýǵa tyrysýymyz kerek. Alaıda, kóp jaǵdaıda alǵys aıtýdy umytyp, nemese oǵan erekshe kóńil bólmeımiz. Alǵys sózderinde bir sıqyrlyq bar — olar arqyly bizder bir — birimizge rızashylyǵymyzdy kórsetemiz, kóńilimizdi bildiremiz, jaqsy emotsııalar syılaımyz. Ǵalymdardyń aıtýy boıynsha, rahmet sózin aıtý — adamdar arasynda jaqsy qatynas ornatady. Alǵys sózderi — adamdy tynyshtandyrý, júregin jylytýdyń birden — bir amaly. Bastysy, alǵysyńyz júrekten shyǵýy shart. Rahmet aıtýǵa qoryqqan, úlgermegen, uıalǵan jandaryńyz bolsa, búgin aıtasyzdar dep úmittenemin. Men de alǵys aıtýǵa asyǵaıyn.
«Rahmet» degen qasıetti sózdi jıi aıtyńdar. Adam alǵys pen rızashylyqty estigen saıyn, jaqsylyq jasaǵysy kelip turatynyn esterińde saqtańdar. О́mirdiń árbir sátin baǵalaı bilýge úırenińder jáne Tabıǵat –Anaǵa meıirimdi kúni úshin, kóńildi jańbyry men aq qary úshin, jumsaq ulpa bulty úshin, jaqyn adamdarǵa qaıyrymdylyǵy men rııasyz mahabbaty úshin alǵys aıtýdy umytpańdar.

311-312, 109 toptardyń
jetekshileri:
polıtsııa maıory L. Kınjebaeva
polıtsııa kapıtany G. Tabýldenova







Өмірге риза болып, алғыс айт! тренинг (1-Наурыз «Алғыс айту күні»)

 

«Қазақ халқына алғысын білдіріп жатқан әрбір ұлт өкілдеріне бізде алғысымызды айтамыз. Осындай ұланғайыр жерді, осындай елді бізге мирас қылып тапсырған, қан төгіп жерді алып қалған ата-бабаларымызға да бүгін алғысымызды айтамыз»

Н.Ә.Назарбаев

2019 жылдың 1 наурыз күні  «Алғыс айту күні» мерекесіне орай 109 топ курсанттарға 312,314 топ курсанттары «Өмірге риза болып, алғыс айт!» атты тренинг өткізді.Басты мақсатты: ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту; әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. Өмірде кездесетін жағдайларға қарай ризашылық білдіруге, алғыс айтуға дағдыландыру.Тренинг бағдарламасы:1. Шаттык шеңбері; 2. Ойланайық, пікірлесейік; 3. Тыныштық сәті; 4. Миға шабуыл; 5. Аппликация; 6. Сергіту сәті; 7. Ойын; 8. Жүректен – жүрекке.

Алғыс айту күні патриотизмның, достықтың және мәдениетінің  ұлы күніне айналған.

Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс — әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым — қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым — қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқының ұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған мегзейді.

Жақсы сөз айту, жақсылық жасау – әрбір адамның міндеті. Әрине, жылдың әр күні сыпайы болуға тырысуымыз керек. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып, немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз. Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар — олар арқылы біздер бір — бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз. Ғалымдардың айтуы бойынша, рахмет сөзін айту — адамдар арасында жақсы қатынас орнатады. Алғыс сөздері — адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден — бір амалы. Бастысы, алғысыңыз жүректен шығуы шарт. Рахмет айтуға қорыққан, үлгермеген, ұялған жандарыңыз болса, бүгін айтасыздар деп үміттенемін. Мен де алғыс айтуға асығайын.

«Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.

311-312, 109 топтардың жетекшілері
полиция майоры Л. Кинжебаева

полиция капитаны Г. Табулденова